Депутат әскери қызметшілер арасындағы суицид мәселесін көтерді
Депутат әскери қызметшілер арасындағы суицид мәселесін көтерді
Бұл туралы депутат Дана Нұржігіт Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Сенатор Үкіметті әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі жұмысты күшейтуге шақырып, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады. Айтуынша, соңғы екі жылда 237 әскери қызметші қаза болған. Оның 89-ы аурудан, 62-сі жол апатынан, 50-і суицид салдарынан көз жұмды. Сенатор жағдайды жақсарту үшін әскерге шақырылушылардың ғана емес, жасөспірімдердің де психологиялық жағдайын бақылау маңызды екенін атап өтті
Сондай-ақ әскери қызметшілердің қоғамдағы мәртебесін көтерудің маңыздылығы және олардың әл-ауқатын жақсарту да маңызды деп отыр. Оның үстіне, өз шешімін талап ететін көптеген мәселе қордаланып қалған.
Сонымен қатар ол әскерге шақырылатын және әскерге шақырылғандардың денсаулығын сақтау және қадағалау, олардың денсаулығының электрондық тіркелімін жасау және әскери қызметшілердің әл-ауқатын жақсартуға байланысты ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін бірқатар ұсыныстар айтты.