Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Жамбыл облысының Полиция департаменті мен прокуратурасы бірлесіп өңірде аса ірі мөлшерде героин есірткі затын өткізумен айналысатын ұлтаралық қылмыстық топқа қатысты ауқымды арнайы операция жүргізді.
2022 жылғы 30 қарашада қылмыстық топтың алты қатысушысы ұсталды. Тінту шаралары барысында ұсталғандардан 1,2 келіден аса героин, гашиш, кептірілген марихуана және синтетикалық есірткі тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен соталды тергеу амалдары басталды. Барлық ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта есірткі заттарының облыс аумағына түсу арналарын анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр.