Жаңалықтар

Ұлттық банк қарашада теңге не себепті әлсірегенін түсіндірді

Ұлттық банк қарашада теңге не себепті әлсірегенін түсіндірді

Қарашада Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ, сондай-ақ БЖЗҚ мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлардың зейнетақы активтері үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операциялар жүргізбеді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық банк өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, қарашаның қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 468,90 теңгеге дейін 0,14%-ға әлсіреді.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімін сатуы өткен айдың ішінде шамамен 500 млн АҚШ долларына тең болды. Квазимемлекеттік сектор компаниялары валюта нарығында сатуды екінші деңгейлі банктер арқылы дербес жүзеге асырады.

Банк өкілдеріеің сөзінше, бұл тәжірибе Ұлттық Қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.