Қыдыралыұлының құмтиындықтарға берген уәдесі орындалды
Қыдыралыұлының құмтиындықтарға берген уәдесі орындалды
Жалпы жолдардың жай күйі туралы аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Үсенбаевтың айтынша, өңірде автомобиль жолдарының ұзындығы 321,6 шақырымды құрайды. – Оның шінде республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 72 шақырым, облыстық маңызы бар автомобиль жолдар 85,7 шақырым, аудандық маңызы бар жолдардың жалпы саны – 35, оның ұзындығы 163,9 шақырым, елді мекендердегі көшелер саны – 518, ұзындығы 398 шақырымды құраса, бүгінде оның 176 шақырымына асфальт, 239 шақырымға шағал төсемі төселген. Ағымдағы жылы аудандық мәндегі 5 жол: Бесағаш-Юбилейный, Ерназар-Қойгелді, Құмсуат ауылына кіреберіс, Шайдана-Сеңгірбай, Тоғызтарау-Жаңаөткел жолдары 179,8 млн теңгеге жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ 13 ауылдық округтің 37 ауылішілік көшесін (ұзындығы 36,8 шақырым) жөндеуге 779,6 млн теңге бөлініп, жұмыстар толықтай аяқталған. Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 306,9 млн теңгеге 2 ауылдың жалпы ұзындығы 11,3 шақырымды құрайтын 7 ауылішілік көшесі тақтайдай тегістелді, – дейді Мақсат Амантайұлы бізбен әңгімесінде.