Зейнетақы жинағының шекті мөлшерін төмендету мәселесі жұмыс тобында қаралады
Зейнетақы жинағының шекті мөлшерін төмендету мәселесі жұмыс тобында қаралады
Қазақстандықтар үшін зейнетақы жинағының шекті мөлшерін төмендету мәселесі жұмыс тобында қаралады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. Министрдің айтуынша, былтыр зейнетақы жинағын пайдаланудың шекті мөлшері белгіленген.
Айта кетейік, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров зейнетақы жинағының шекті мөлшерін төмендетуге қарсы екенін айтқан еді. 2021 жылдың қаңтарында Қазақстандағы салымшыларға зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсауға, сондай-ақ жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына беру мақсатында пайдалану мүмкіндігі берілді. 2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті мөлшері шамамен 1,8 есе өсті. Мәселен, 2021 жылы 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, келесі жылдан бастап ол 5 060 000 теңгеге жетті.
halyq-uni.kz