Темекі – есірткінің бір түрі
Темекі – есірткінің бір түрі
Сатылымда әртүрлі сипаттағы темекі түрлері бар. Мысалы, ұзын-қысқа, қалың-жұқа, сондай-ақ қымбат және арзан түрі. Атаулары тіптен керемет. Бірақ қай-қайсысының болмасын адам ағзасына тигізер зияны орасан. Яғни темекілердің бір-бірінен артықшылығы жоқ. Денсаулық сақтау ұйымдарының айтуынша, шылым шеккен уақытта адамдардың басым көпшілігі өкпенің қатерлі ісігіне, жүрек-қантамыр ауруларына және эмфиземаға шалдығады. Түтінінің өзі демікпе ауруын қоздырып, көздің, мұрынның және тамақтың тітіркенуіне әкеліп соқтырады. Темекі шегетін адам тез қартаяды. Сонымен қатар ұйқы бұзылып, тері қызметі нашарлайды және ауыздан жағымсыз иіс шығып, тістің қараюына әкеліп соқтырады. Темекі не себепті есірткінің бір түрі деп айтылады? Себебі бір шеккен адам тәуелді болып, іздеп тұрады. Сондықтан да тастап кетуге қиналып, ауруды өзіне тілеп алады. Дәрігерлердің айтуынша, темекі шегу – бұл адамның өзіне-өзі көр қазғанымен бірдей. Ұрпағыңыздың дені сау болуы – сіздің қолыңызда. Саламатты өмір салтын ұстанып, деніңіздің сау болуын қалайсыз ба? Әлде шылым шегіп, өміріңіздің жарқын сәттерін аурумен алысып өтуге арнайсыз ба? Таңдау өз еркіңізде!
Сымбат БЕЙСЕНОВА, облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің маманы