Жаңалықтар

Қажетті құрал-жабдықтар табыс етілді

Қажетті құрал-жабдықтар табыс етілді

«AMANAT» партиясының «Баланы мектепке даярлайық» акциясы аясында партия облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар табыс етті.

Шарада филиалдың атқарушы хатшысы акцияның мән-маңызына тоқталып, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына оқу құралдарын табыс етті. Сондай-ақ Дауыл Ынтықбайұлы балаларды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, зейіндерінің арта беруін тіледі. Өз кезегінде ата-аналар да партия басшылығына алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. Айта кетерлігі, өңірде 15- тамызда бастау алған республикалық акция аясында партия филиалы тарапынан бүгінге дейін 375 бала қажетті құрал-жабдықтармен және мектеп формасымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар нысаналы трансферт қаражаты есебінен 34 бастауыш партия ұйымында 1,7 миллион теңгеге 111 аз қамтылған көпбалалы отбасының балаларына мектепке қажетті кеңсе тауарлары табысталды. Жалпы акция аясында партия тарапынан 2000-нан астам отбасына көмек көрсету жоспарланған.

Шынболат Сейдуалиев