Жаңалықтар

«ЖАСЫЛЕЛДІКТЕР» ЕҢБЕК МАУСЫМЫН АЯҚТАДЫ

«ЖАСЫЛЕЛДІКТЕР» ЕҢБЕК МАУСЫМЫН АЯҚТАДЫ

Жуырда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Жасыл ел» және студенттік құрылыс жасағы еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті.

Салтанатты жиынға қалалық және аудандық «Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары мен жауапты мамандар қатысты. Аталған шарада облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар сөз сөйлеп, «Жасыл ел» сарбаздарына өз алғысын білдіріп, биылғы жылдың үздіктерін марапаттады. Еңбек маусымының үздіктері болып «Үздік жасақ» номинациясы бойынша III орынды Жамбыл аудандық, II орынды Шу қалалық, I орынды Қордай аудандық «Жасыл ел» жасақтары иеленді. «Үздік сарбаз» номинациясын Жамбыл медициналық жоғары колледжінің студенті Мейірман Қуанышбай иеленсе, «Үздік командир» номинациясын Еркін Әбдиев жеңіп алды. Сонымен қоса салтанатты жиын барысында үздік жұмыс жасаған 50 жас облыстық «Жасыл ел» штабының алғыс хаттарымен марапатталды. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты. 2022 жылы «Жасыл ел» еңбек жасағына 1 756-ға жуық жасты тарту көзделсе (қала – 756, аудандар – 1 000 жас), бүгінге жергілікті бюджет есебінен бөлінген 108,8 миллион (108 859) теңгеге 1 531 жас тартылды.

«AR-AI»-ақпарат