Білім

Тараз өңірлік университетіне жаңа ректор тағайындалды

Тараз өңірлік университетіне жаңа ректор тағайындалды

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне Мұхтар Байжұманов ректор қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.

1965 жылы 3 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келді. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген. 1989 жылдан - Алматы облысы Көксу ауданындағы мектепте математика мұғалімі. 1991 жылдан - Талдықорған мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, декан. 1997 жылдан - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылыми қызметкер. 1999 жылдан - Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде аға оқытушы. 2001 жылдан - ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінде бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы, комитет төрағасының орынбасары, 2010 жылғы қазаннан - осы комитет төрағасы. 2012 жылғы ақпаннан бастап Азаматтық авиация академиясының ректоры қызметін атқарып келген.