Қазақстанда 100 мың ресейлік жүр: көрші елден келген 22 мың адам жұмыс істейді
Қазақстанда 100 мың ресейлік жүр: көрші елден келген 22 мың адам жұмыс істейді
Министр Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға келген ресейліктерге қатысты нақты ақпаратты Ішкі істер министрлігі беретінін атап өтті.
Айта кетейік, биыл 21 қыркүйекте Ресейде ішінара мобилизация жарияланған еді. Сол кезде Ішкі істер министрлігі Қазақстанға тек заңға бағынатын ресейліктер келіп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ресейліктерге көмектесу керектігін айтқан еді. Ал Ресейде ішінара мобилизация 1 қарашада аяқталды. Сонымен қатар Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ресейде жарияланған ішінара мобилизация Қазақстан экономикасына қалай әсер еткенін түсіндірген.