Жамбыл жаңалықтары

Ел тілегі ескерілді

Ел тілегі ескерілді

Т.Рысқұлов ауданында соңғы екі жылда шешімін таппай келе жатқан түйткілдердің бірі қоғамдық көлік мәселесі болатын. Сол мәселе оң шешімін тауып, ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша аталған бағытта қоғамдық көліктер өз жұмысын бастады.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі «Концерн-ҚазқұрылысCity» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Айтжан Жұмабековпен келісімшарт жасасып, аталған бағытта 8 автобус қатынайтын болды. Жаңа істің басталуына арналған салтанатты шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары қатысып, тұрғындар ризашылықтарын жеткізді. Ауыл тұрғындарына қолайлы болу мақсатында төмендетілген бағада, яғни ересектерге 60 теңгеден, балаларға 30 теңгеден меже белгіленді. Жалпы екі ауылдық округтегі тұрғындар саны 30 мыңнан аса халықты құраса, оның 6 мыңға жуығы мектеп оқушылары. Енді оқушылар мен колледж студенттерінің оқуға қатынауы тиімді болатыны сөзсіз. Сыйымдылығы кең қоғамдық көліктер келесі жылдың басынан толығымен заманауи құрылғылармен автоматтандырылатын болады.

Мөлдір ТАСТАНБЕК, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы