Құс етін өндіру көлемі артады
Құс етін өндіру көлемі артады
Басқосуда «Алель Агро» акционерлік қоғамының директоры Ерік Сұлтанқұлов өңірде құс шаруашылығын кеңейтуге қатысты инвестициялық жобасын таныстырып, ұсыныстарын жеткізді. Ұсынылған жоба облысқа жылына 25 мың тоннаға дейін құс етінің түрлі өнімін өндіру, халықтың сұранысын қанағаттандыру және өнімді басқа елдерге экспорттау, құс өсірушілер қауымдастығын ұйымдастыруға негізделген. Айта кетейік, «Алель Агро» акционерлік қоғамы – еліміздегі ең ірі асылтұқымды құс етін және жұмыртқа өндірушілердің бірі.Кездесуде облыс әкімі жобаның тиімділігі мен жалпы өңір экономикасына қосар үлесі жайында кәсіпкермен пікір алмасты. Аймақ басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мемлекет, жергілікті билік тарапынан түрлі қолдаулар қарастырылғанын атап өтіп, жобаның мүмкіндіктерін жан-жақты зерделеу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі