4 пайыздық жеңілдетілген автонесие: министр сыбайлас жемқорлық пен кезек туралы айтты
4 пайыздық жеңілдетілген автонесие: министр сыбайлас жемқорлық пен кезек туралы айтты
Қазақстанда жеңілдетілген автокөлік несиесі бойынша бірыңғай электрон кезек іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы тұрғындарымен кездесуде Мусинге 4 пайызбен жеңілдетілген автокөлік несиесін рәсімдеу үшін бірыңғай электрон кезек іске қосыла ма деген сұрақ қойылды. Биыл өтініштер әр автосалон мен банкте бөлек қабылданды.