Заң

Елімізде жаңа Салық кодексінің жобасы әзірленіп жатыр

Елімізде жаңа Салық кодексінің жобасы әзірленіп жатыр

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, жаңа Кодексінің жобасын жан-жақты зерделеп, дайындауға 1,5 жылдай уақыт қажет.

Айта кетерлігі, отырыста сенаторлар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, қабылдады. Бұл заң еліміздің салық жүйесін одан әрі жетілдіруге арналған. Жаңа түзетулердің қатарында еңбекақы төлеу қорына жүктемені азайту және бірыңғай төлемді енгізу туралы норма бар. Мұндай шара микро және шағын бизнес субъектілеріне қазіргідей еңбекақы төлеу қорынан 34,5 пайыздың орнына 2023 жылдан бастап 2028 жылға дейін біртіндеп 26,3 пайызға дейін өсе отырып, 20 пайыздық бірыңғай төлемді таңдауға мүмкіндік береді.