Жаңалықтар

Сотталғандарды жұмыспен қамту – маңызды іс

Сотталғандарды жұмыспен қамту – маңызды іс

ҚАЖ саласында жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту, мекеменің өндірістік аймағындағы ғимараттарды тиімді пайдаланып, жаңа жұмыс орындарын ашу жайы назардан тыс қалған емес. Бұдан бөлек, облыс орталықтарындағы жеке кәсіпкерліктерде жазасын өтеушілердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуде күн тәртібінде.

Бүгінде өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде сот үкімімен кінәлі деп танылған 198 азамат жазасын өтеуде. Олардың көпшілігі бұл күнде екі қолға бір күрек тауып отыр. Мәселен, «Көкжиек» жеке кәсіпкерлігінде 4 сотталған азамат еңбек етеді. Олар сүт өнімдерінен құрт, май, ірішмік, қаймақ, айран сынды өнімдерді өндіреді. Осылайша, жазасын өтеушілер мемлекет және жәбірленуші алдындағы талап-қарыздарын жабуға күш салады. Әрине, сотталғандардың жұмыс басты болуына әрі ақылы еңбекпен қамтылуына мекеме қызметкерлерінің сіңірген еңбегі зор.