Жүргізуші куәлігін алудың тәртібі қандай?
Жүргізуші куәлігін алудың тәртібі қандай?
eGov.kz порталында «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметіне тапсырыс беріңіз. Ол үшін: • eGov.kz порталында «Азаматтарға > Көлік және коммуникациялар > Автомобиль көлігі > Жүргізуші куәліктерін беру» қызметін таңдаңыз; • өтінімді толтырып, барлық қажетті құжаттарды тіркеңіз. Тегін ауыстырған кезде – неке қию туралы куәлігін, ал құжатыңыз ұрланған немесе жоғалтқан болсаңыз – жергілікті полиция бөліміне анықтаманы тіркеңіз; • баж салығын төлеңіз және ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз. Сонымен қатар сіз аталған қызметті eGov mobile қосымшасынан ала аласыз: • «Қызметтер каталогы > Көлік жүргізу және көлік > Жүргізуші куәліктерін беру» қосымша бетін таңдаңыз; • бұдан әрі жоғарыда аталған нұсқауларды орындау қажет. Қызмет көрсету мерзімі 1 сағаттан аспайды. Көрсетілетін қызметтің нәтижесі – мамандандырылған ХҚКО-да ұсынылуы қажет электрондық сұрау салу. Бұл ретте өзіңізде жеке басты куәландыратын құжат, оны тапсыру үшін бұрынғы жүргізуші куәлігі, егер жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен болса, 083-у нысанындағы медициналық анықтама болуы қажет.
Айгерім ҚҰМАРОВА, Тараз қалалық №3 ХҚК бөлімінің маманы