Мобильді қосымшада 400-ге жуық қызмет қолжетімді
Мобильді қосымшада 400-ге жуық қызмет қолжетімді
Цифрлық паспортты «eGov mobile» қосымшасында жеке куәлікке ұқсас сәйкестендіру үшін пайдалануға болады. Қазіргі уақытта «ҚР азаматының паспорты» цифрлық құжатын Қазақстан Республикасының аумағында ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Цифрлық құжатта қате мәліметтер анықталған жағдайда «қате туралы хабарлау» батырмасын басу арқылы тиісті мемлекеттік органға «e-Otinish» арқылы өтініш беруге болады. «Цифрлық құжаттар» сервисі «eGov Mobile» қосымшасындағы танымал сервистердің бірі. Бүгінгі таңда құжаттың түпнұсқасы болмаған кезде смартфонда цифрлық құжатты пайдалану өте ыңғайлы. Цифрлық паспорт пайдаланушылардың көптеген сұраныстары бойынша жүзеге асырылды. Жаңа құжатты цифрлық жеке куәлікпен тең дәрежеде пайдалануға рұқсат етіледі. Мәселен, егер сіз жеке куәлікті жоғалтып алсаңыз немесе жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, цифрлық паспортты балама құжат ретінде пайдалануға болады»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин. Жаңа цифрлық құжатты табу үшін «eGov Mobile» қосымшасында авторазициядан өтіп, басты беттегі «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі құжаттар тізімінен «ҚР азаматының паспортына» басу қажет. Айта кетейік, казіргі уақытта «eGov Mobile мобильді қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде 7 миллионнан астам азамат белсенді пайдаланатын 20 құжат (жеке куәлік, ҚР азаматының паспорты, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік және т. б.) бар. Бүгінде «eGov Mobile» қосымшасында 400-ге жуық мемлекеттік қызмет бар, оның 166-сы «eGov.kz» порталының қызметтері және «e-license» порталының жеке тұлғаларына арналған 250 қызмет қолжетімді. Ай сайын қосымшаны шамамен 13 миллион қазақстандық белсенді пайдаланады және айына шамамен 1,2 миллион мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Қанат АМАНҚҰЛОВ, Сарысу аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы