Жаңалықтар

Қошанов ресейлік саясаткердің Қазақстан жайлы шулы мәлімдемесі туралы: Қажет болса, Мәжіліс отырысында қараймыз

Қошанов ресейлік саясаткердің Қазақстан жайлы шулы мәлімдемесі туралы: Қажет болса, Мәжіліс отырысында қараймыз

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Ресейдің мемлекеттік «Россия 1» телеарнасында «Владимир Соловьевпен» бағдарламасында «Ресей үшін Украинадан кейінгі проблема – Қазақстан» деп айтқаны белгілі. Қазір қоғамда әлдебір ресейлік сарапшының Ресейдегі мемлекеттік телеарна эфирінде «Қазақстан – келесі нысан, өйткені біздің ұлтшылдық көңіл күйдеміз» деп айтқан. Бұған не дейсіз? Осы орайда біз – қазақстандық БАҚ ұлтаралық араздықты қоздыру, мемлекеттің бүтіндігіне нұқсан келтіретін нәрселер айтсақ, заң алдында жауаптымыз. Ресейлік БАҚ-қа мұның қатысы жоқ. Бірақ бізде осы телеарналарды трансляциялайтын кабельдік арналар бар. Неге оларға, осындай жекеменшік телеарналарға ешқандай жауапкершілік жоқ?, - деп сұрады тілші.

Еске сала кетейік, бұған дейін қоғамда қызу талқыланып жатқан бұл мәселеге қатысты Сыртқы істер министрлігі жауап берген болатын.