Білім

Асқар Забикулиннің отбасына білім гранттары бөлінді

Асқар Забикулиннің отбасына білім гранттары бөлінді

Астанадағы пәтерлердің бірінде шыққан өртте адамдарды құтқарып, өзі қаза тапқан өртсөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына білім гранты берілді, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство өкілдері өртсөндірушінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Балалар жазғы IT-лагерьге және университеттік жатақханада тұрумен университет базасындағы жазғы тіл мектебіне қатыса алады. Марқұмның жұбайы Анели Забикулинаға "Адам ресурстарын басқару" мамандығы бойынша МВА-да оқуға грант бөлінді. Сонымен қатар, AlmaU батырдың жесірі Анели Забикулинаға MBA бағдарламасы бойынша оқуға толық грант бөлуге дайын екенін мәлімдеді. Еске салайық, 20 қарашада өртсөндіруші Асқар Забикулин ауруханада жан тапсырғаны белгілі болды. Дәрігерлер бірнеше күн бойы құтқарушының өмірі үшін күресті. Кеше Көкшетау қаласында жақындары ерлікпен қаза тапқан азаматтық қорғау капитаны Асқар Забикулинді соңғы сапарға шығарып салды.