Мұғалімдерді жұмысқа конкурс өткізбей қабылдаған облыстар белгілі болды
Мұғалімдерді жұмысқа конкурс өткізбей қабылдаған облыстар белгілі болды
Мұғалімдерді жұмысқа конкурс өткізбей қабылдаған облыстар белгілі болды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің аппарат отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері білім беру ұйымдарында тұрақты түрде мониторинг жүргізіп жатқанын айтты. Ол педагогтерді жұмысқа қабылдау кезінде жіберілген құқықбұзушылыққа тоқталды.
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы құқық бұзылған облыстар қатарында Қарағанды, Қостанай, Жетісу, Батыс Қазақстан және Ақтөбе де бар екенін атап өтті.
Айтуынша, шара қабылдамаған өңірлер де бар. Оның ішінде Ақтөбе, Ұлытау, Жамбыл облыстары және Шымкент қаласы бар.