Қазақстанда дизель отыны қымбаттады
Қазақстанда дизель отыны қымбаттады
Дизель отыны жылына 13 пайызға, қысқы отын бірден 31 пайызға қымбаттаған. Ал дизель отыны өндірісі бір жылда 10 пайызға өскен, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл қаңтар мен қазан аралығында елімізде 4,6 миллион тонна дизель отыны өндірілген, бұл былтырмен салыстырғанда 9,7 пайызға артық. 2021 жылы елімізде өндіріс 6,6 пайызға, 5 миллион тоннаға дейін өскен. Биыл қаңтар мен тамыз аралығының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар дизель отынына сұранысты (ішкі нарықта өткізу және экспорт) былтырғы 97,3 пайызға қарағанда, 99,3 пайызға қамтамасыз еткен. Осы кезеңде өндіріс 3,6 миллион тонна болған. Ал бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 7,9 пайызға артық.