Жамбыл жаңалықтары

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің тұрғындармен кездесулері жалғасуда. Сондай-ақ облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаның орындалу барысын да байқап қайтты.

Бүгінге дейін өңірдегі барлық деңгейдегі әкімдердің 1000-нан аса кездесуі өтсе, оның 33-і облыс әкімінің қатысуымен ұйымдастырылған. Бұл жолы аймақ басшысы Шу ауданындағы Тасөткел және Қонаев ауылының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдады. Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты. Тасөткел ауылдық округіндегі Ш.Мұртаза атындағы орта мектебінде өткен кездесуде өңір басшысы алдымен облыс аумағында атқарылып жатқан сан саладағы жұмыстар мен жоспарлы шараларға жан-жақты тоқталып өтті. – Әкімдердің халықпен кездесуінің негізгі мақсаты – жергілікті халықтың мәселелерін тыңдап, оларды шешу бойынша жұмыстар жүргізу. Облыстың 2025 жылға дейінгі кешенді даму жоспары әзірленген. Сол жоспар бойынша барлық елді мекендерді ауыз су, табиғи газбен қамту мәселесі толығымен шешу көзделген. Жолдардың жағдайын жақсартуға да барынша көңіл бөлінеді. Ауылдарды мәдениет, білім, денсаулық сақтау нысандарымен толығымен қамту жұмысы да назарға алынған. Ендігі кезекте ауыл әкімдеріне үлкен жауапкершілік артылып отыр. Олар жеке инвестиция есебінен түрлі жобаларды жүзеге асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін жеткізу секілді шараларды үйлестіруі тиіс. Елді мекендегі әр ауланы аралап, ахуалынан хабардар болып, тұрмысын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуі керек, – деді Нұржан Нұржігітов. Өз кезегінде ауыл тұрғындары ағын су, электр бағаналарын реттеу, мектепті күрделі жөндеуден өткізу, табиғи газ беруді жеделдету мәселелерін көтерді. Аймақ басшысы барлық сауалдарға жауап бере отырып, жауапты тұлғаларға мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін құжаттама жұмыстарын тезірек жүргізуді, газ бойынша техникалық жағдайларды реттеуді міндеттеді. Өзге де бірқатар мәселелер бойынша жан-жақты нақтылау шараларын атқаруды тапсырды. Дәл осындай кездесу Қонаев ауылдық мәдениет үйінде де өтті. Мұнда жергілікті тұрғындар салынып жатқан спорт кешенін екі-үш үйірмелер бойынша бөлуді, үш ауысымды мектептің жағдайын, көпір, электр бағаналарының ескіргенін және тағы да басқа көптеген мәселелерді алға тартты. Ауылдықтарға нақты жауап берген облыс әкімі барлық сауалдар назарға алынатынын баса айтты. Кездесулерден соң облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Шу ауданына жұмыс сапары кезінде облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаның орындалу барысын тексерді. Жаңақоғам ауылдық округінде болған аймақ басшысына жоба аясында құрылған «Омар Шу» ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметі туралы баяндалды. Жобаның бес бағыты бойынша аталған ауылдық округ тұрғындарынан түскен 192 өтінім қаралып, жалпы көлемі 778 миллион 188 мың теңге жеңілдетілген несие берілген. Нәтижесінде ауылдықтар үй іргесіндегі 100 гектардан астам жерді тиімді игеріп, табыстарын арттыра түскен. Бұдан бөлек 189 ауыл тұрғыны 610 миллион теңгеге 4 692 бас мал сатып алған. Сондай-ақ, кооператив 15 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникасымен қамтылған. Нұржан Нұржігітов жобаның мүмкінд ік терін ұтымд ы пайдаланып, шағын жобаларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Аудан көлемінде бірде-бір сүт өңдеу кәсіпорнының жоқтығына назар аудартты. Өнімдерді делдалсыз тік елей өтк еру жұмыстарын үйлестіруге де көңіл бөліп, бұл тұрғыда ауыл әкімдеріне көп жауапкершілік артылатынын айтты. Айта кетейік, пилоттық жобаның екінші кезеңіне аудандағы Бірлікүстем ауылдық округі еніп, бүгінде дайындық шаралары қызу атқарылуда. Облыс әкімі аудандағы жұмыс сапарының сонында «Тасөткел» су қоймасы бөгетінің сейсмикалық тұрақтылығын жоғарылатуға негізделген құрылыс-жөндеу жұмыстарымен танысты. Аймақ басшысы жобаның күрделі әрі маңызды екенін ескертіп, жауаптыларға құрылыс жұмыстары сапалы жүзеге асу керектігін жеткізді. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап су қорын барынша жоғары деңгейде қалыптастыру бойынша жұмыстарды қолға алу қажеттігін баса айтты. Жинақталған ылғал вегетациялық кезеңде шаруаларды қажетті сумен қамтуға, тапшылықты болдырмауға мүмкіндік бермек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі