АЛЫСТАҒЫ АУЫЛДАР ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛДЫ
АЛЫСТАҒЫ АУЫЛДАР ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Қазіргі таңда «Beeline» байланыс операторы Меркі ауданындағы Құмарық ауылында ұялы байланыс қызметін іске қосты. Ал «Транстелеком» акционерлік қоғамы талшықты-оптикалық байланыс желісін орната отырып, Шу ауданындағы Алайғыр және Құлақшы ауылдарын, сондай-ақ Сарысу ауданындағы Үлкен Көкдала ауылының 10, кіші Көкдала ауылындағы 3 және Шағалалы ауылындағы 30 үйді жоғары жылдамдықты интернетпен (10 мбит/сек) қамтамасыз етті. Сонымен қатар Шағалалы ауылына «Kcell» және «Beeline» байланыс операторлары жыл соңына дейін жаңа базалық станция орнатады. Нәтижесінде биыл жыл соңына дейін 11 елді мекеннің алтауы мобильді байланыс және интернетпен қамтамасыз етілетін болады.
Облыстық жобалық басқару және цифрландыру орталығы