Тараздықтар өз таңдауын жасауда
Тараздықтар өз таңдауын жасауда
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Тараз қаласында белсенді өтуде. Сайлау уческелері ашылған сәттен бастап қала тұрғындары көптеп дауыс бере бастады. Тараз қаласындағы №35 сайлау учаскесінің төрайымы Эльмира Қойлыбаев сайлаушылардың белсенділігін атап өтуде.– Жалпы №35 сайлау учаскесінде сайлаушылардың саны – 2 613. Қазіргі уақытқа дейін, яғни 11.00-ге дейін сайлаушылардың 20 пайызы келіп, өз таңдауын жасады. Халықтың белсенділігі өте жақсы. Осылайша тұрғындарымыз қоғамдық-саяси өмірде де белсенділігін тағы бір аңғартты. Сайлау учаскесінде заң немесе тәртіп бұзушылық орын алған жоқ.Дауыс беру таңғы сағат 7.00-де басталды. Кешкі 20:00-ге дейін жалғасады, –
дейді Э.Серікқызы.