Жамбылдағы 113 жасқа аяқ басқан ана таңдауын жасады
Жамбылдағы 113 жасқа аяқ басқан ана таңдауын жасады
Бүгін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында өз дауысын берген кейуана Аса ауылындағы №166 учаскесінің сайлаушысы. Жастайынан қызылша алқабында жұмыс істеген қария бейнеттің бел ортасында жүрді. «Дарақ бір жерден көгереді» дегендей, осы салада ұзақ жылдар бойы тер төгіп, құрметті зейнетке шықты. Ақ жаулықты ана ел игілігіне бағытталған еңбекпен қатар отбасы құндылықтарына да көңіл бөлуді ұмытпады. Құдай қосқан қосағы екеуі екі қыз тәрбиелесе олардың қатары бүгінде 8 немере мен 15 шөбереге жетіп отыр. Айта кету керек, Жамбыл ауданына қарасты Аса ауылының тұрғыны Күлбарам Сүгірова тек облыс бойынша ең қарт ана. – Елдің ішінде жүргеннен кейін мұндай науқаннан қалыс қалуға болмайды. Алла халқымызға жар болсын. Бейбітшіліктен айырмасын. Мен де өз дауысымды бердім, – дейді кейуана. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Жамбыл ауданында 35 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Сайлау кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасатын болады