Жаңалықтар

Тараздық компанияның жаңа автобустары кезекке байланысты шекарада тұр

Тараздық компанияның жаңа автобустары кезекке байланысты шекарада тұр

Тараздық компанияның жаңа автобустары кезекке байланысты шекарада тұр, деп хабарлайды Arainfo тілшісі. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми инстаграм парақшасы жазды.

"Соңғы күндері 15 шағын ауданға қатынайтын қоғамдық көліктің аздығына байланысты көптеген шағым түсуде. Бұл мәселеге қатысты қала әкімдігі хабарлады. «Бүгінде қалаға жаңа 20 автобус алынды. Компания қазір толық төлемақы жасаған. Аталған автобустар 1 айдан бері орын алған кезекке байланысты қытай-қазақ шекарасында тұр. Қоғамдық көліктер қалаға келген соң, 15 шағын ауданға қатынайтын 28, 55-ші бағыттарға қосымша автобустар қосылып, бұл мәселе шешімін табады», - қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жалпы бүгінде қала тұрғындарының қажеттілігін өтеу үшін қосымша 15 бағыт, 200 автобус қажет. Қоғамдық көлікті дамытудың 3 жылдық жоспарына сәйкес бұл мәселе жыл сайын кезең-кезеңімен реттеледі.", – делінген жазбада.