Сергей Лебедев: Достық ниетте сайлаудың әділ өтуіне септігімізді тигізсек дейміз
Сергей Лебедев: Достық ниетте сайлаудың әділ өтуіне септігімізді тигізсек дейміз
Бұл туралы ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз брифингінде бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев миссия жұмысыныі нәтижесі туралы айтты.
Сондай-ақ халықаралық бақылаушылар өз жұмыстарын кезектен тыс сайлауды өткізу туралы шешім қабылданғаннан бастаған. Және миссия басшысының сөзінше олар "Қазақстан Республикасының Сайлау туралы" Конституциялық заңын оқып, толық танысып шыққандарын айтады.
Айтуынша, миссия басшысы әр кандидатпен, олардың сенімді өкілдерімнн кездесіп, әңгімелесіп олардың білікті, білімді, тәжірибелі адамдар екеніне көз жеткізгенін айтады.