ОСК: Сайлауға дайындық пысықталды
ОСК: Сайлауға дайындық пысықталды
Орталық сайлау комиссияның орталығындағы кезекті 26-шы отырыста сайлау учаскелерінің дайындығы пысықталды, деп жазады Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Жиында ел өңірдегі сайлау учаскелерінің дайындығы талқыланды. ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров орталық сайлау мүшелерінің өкілдері 16 қарашаға дейін әр өңірді аралап, сайлау учаскелерінің дайындығы бақыланғандығын айтып өтті.
ОСК дерегінше, Астана қаласы бойынша 406 сайлау учаскесі бар.
Алматы қаласы бойынша жалпы 600 сайлау учаскесі бар. 70 сайлау учаскесі - ол арнайы ауруханада, санаторийде және әскери мекемеде және тағы басқа осындай арнайы орындарда орналасқан. Алматы қаласы саяси додаға сақадай сай. Ақмола облысы бойынша барлығы 717 сайлау учаскесі, оның 693-і азаматтарды тіркеу орны бойынша, азаматтардың уақытша болу орындарында 24 сайлау учаскесі ұйымдастырылған. 597-і учаскеде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бұрыштар орналастырылған. Абай облысы бойынша 475 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның ішінде 36 учаске жабық. Облыс аумағында 486 комиссия бар, оның 1-і облыстық, 10-ы қалалар мен аудандардың комиссиялары. Барлық өңірдің сайлау учаскелері сайлау науқанына дайын.