Жаңалықтар

Бас прокуратура сайлау күніне байланысты ескерту жасады

Бас прокуратура сайлау күніне байланысты ескерту жасады

Бас прокуратура 20 қарашада заңсыз митингілерді өткізуге, қатысуға және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасауға байланысты тараған ақпараттарға қатысты үндеу жасады - деп хабарлайды Arainfo тілшісі.

Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желілерде сот тыйым салған ұйымның 20 қарашада заңсыз митингілерді өткізуге, қатысуға және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасауға шақырулары тарап жатыр.