Талапкер назарына: “Менеджмент” білім бағдарламасы
Талапкер назарына: “Менеджмент” білім бағдарламасы
Мәселен М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Білім беру бағдарламасында төмендегідей мамандықтар бар: Бакалавриат 6В04114 –Мемлекеттік және жергілікті басқару 6В04115 –Маркетингті басқару 6B04113 –HR менеджменті 6В04112 –Бизнес менеджменті 6B04128 –Менеджмент Магистратура 7M04113 —HR менеджменті 7M04111 –Мемлекеттік басқару және әкімшілік ету 7M04120 –Менеджмент 7M04112 –Аумақтық даму жобаларын басқару 7M04122 –Мемлекеттік басқару және әкімшілік ету (1 жыл) 7М04130 –Менеджмент (1 жыл) 7M04114–Бизнес менеджменті 7М04121 –Бизнес менеджменті (1 жыл) 7M04123 –Аумақтық даму жобаларын басқару (1 жыл) 7M04125 –HR менеджмент (1 жыл) Кафедраның басты миссиясы:қажетті құзыреттері, мықты аналитикалық негіздері және көшбасшылық қасиеттері, жобаларды орындау тәжірибесі және командалық жұмыс дағдылары бар, XXI ғасырдың инновациялық экономикасында компаниялар мен елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерін шешуге тиімді қатысуға мүмкіндік беретін әртүрлі қызмет салаларында менеджерлерді дайындау. Жаңа шаруашылық жағдайында кез келген деңгейдегі басшы практикалық менеджменттің мазмұнын құрайтын білімнің кең саласында жеткілікті эрудицияға ие болуы тиіс. Бизнес және басқару саласында бакалаврлар мен магистрлерді дайындау бойынша оқу жоспарлары кәсіпорынды басқарудың барлық элементтерін қамтиды, бұл түлектерге орта және жоғары буын басшылары деңгейінде өз әлеуетін табысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сапарова Гульмира Сабыровна, “Менеджмент” кафедрасының аға оқытушысы