Жаңалықтар

Елуден астам елде 68 сайлау учаскесі құрылды – ОСК

Елуден астам елде 68 сайлау учаскесі құрылды – ОСК

20 қарашада өтетін саяси додаға елімізде 10 101 учаске әзірленді, деп хабарлады Arainfo тілшісі BAQ.kz-ке сілтеме жасап.

Qazaqstan.tv жазуынша, оның ішінде 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы сайлауда дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтінін бекітті. Әрі ел бойынша 11 миллионнан астам сайлаушының тізімі жасалды.