БАЛА БІТКЕНДІ БАУЫРЫНА БАСҚАН ЕРЖАНОВТАР ОТБАСЫ
БАЛА БІТКЕНДІ БАУЫРЫНА БАСҚАН ЕРЖАНОВТАР ОТБАСЫ
Облыстық байқаудың бас бәйгесін еншілеген тараздық Ержановтар отбасы 19 баланы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп өсірген. Отанасы 7 перзентті аман-сау дүниеге әкеліп, «Алтын алқа» иегері атанған. Ал қалған 12 баланы аталған отбасы асырап алып, бауырына басқан екен. Сол үшін де бұл отбасы Ұлттық қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығының және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атанған. Қазір Ержановтар шаңырағы 56 немере, 8 шөберенің шат күлкісіне бөленген. Сапура ананың әр таңы еліміздің әр қалаларынан ш а л ын атын тел е фон қоңырауларынан басталады. Телефонның ар жағындағы ұл-қыздары анасының жағдайынан хабардар болады, күнделікті жаңалықтарымен бөліседі. Ең бастысы анасын қонаққа шақырады. Осы орайда көпбалалы, ынтымағы жарасқан әулеттің тарихын басынан баяндасақ. 1988 жылы Сапура жолдасы Жиенбаймен бірге Ақтөбеден Жамбыл облысына көшіп келеді. Екеуі де мұғалім болғанымен, мамандықтары бойынша жұмысқа орналаса алмайды. Абырой болғанда Шөлдаладағы тігін фабрикасына жұмысқа тұрудың сәті түседі. Сол маңнан бір үйді жалға алып тұрады. Ол кезде жұмысшылар үшін екі қабатты тұрғын үйлер салынып жатса керек. Араға жеті ай салып аталған отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Кейін жанұя осы берекелі шаңырақта алты баланы жетілдіріп өсірді. Тігін фабрик асынд ағы күнделік ті қарбалас тірлік күйбеңімен жүрген отбасының өмірінде көп ұзамай үлк ен өзгеріс орын алады. Қайта құру жылдарында В.И.Ленин атындағы қор барлық телеарналарда жетім балалар мен ата-анасының қамқорл ығын сыз қал ған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жағдайларын жақсарту үшін отбасылық үлгідегі балалар үйлерін құруды белсенді түрде насихаттай бастады. Жетім ұл-қыздарды қамқорлығына алған отбасыға көңіл бөлінетінін естіген кейіпкеріміздің балалары осы жаңалыққа үлкен назар аударды. Әке-шешелерін жетім баланы тәрбиелеп алуға көндіре бастады. Ерлі-зайыпты екеуі ұзақ ойланады. Олар жетім балалардың кәмелеттік жасқа жеткен соң балалар үйінен қол үзіп қалатынын, қандай қиын жағдайға тап болатынын жанымен түсінсе де мойындарына бұл үлкен жауапкершілікті ілгісі келмеді. Ақыры ой таразысына сала келе бейкүнә балалардың бірін өз тәрбиелеріне алатын болып шешті. Нақты шешімге тоқтап, аудан әкімдігіне өтініш жазып, жергілікті комиссия бірден отбасы туралы мәлімет жинауға кірісті. Үш айдан кейін олардың өтініші қанағаттандырылды. Алланың қалауы дейміз бе, кеткенімді, неге ұзақ уақыт бойы іздеп келмегенімді сұрады. Мен не деп жауап берерімді білмей абдырап қалдым. Ол үндеместен мені құшақтап, «мені алып кетуге келдің ғой, иә» деп қайталай берді. Сол сәтте ішімде түсініксіз сезім пайда болды, – деп еске алады Сапура апа. Интернат директоры Нұрбек есімді ол баланың қиын мінезі барын еск ертті. Бұлардың алдында Нұрбекті өзге отбасы асырап алған. Мазасыз мінезіне шыдай алмай қайта әк еліп тастаған. Кейіпкерлерімізге де баланың жүрегіне тағы жара салмас үшін жақсылап ойлануға кеңес береді. Қанша адам болса, сонша мінез бар. Бұл баладан бас тартуға ешқандай себеп емес. Отбасы жүректерін жаулаған баланы қамқорлығына алуға бел буады. Сол күні Шөлдалада көршілері оларды асыға күтіп отырды. Ет асылып, самаурын қойып, кешке сыртта дастарқан жайылды. – Алғашқы күні Нұрбектің өзін-өзі ұстағаны таң қалдырды. Түн батып, жұлдыздар жымың қаға бастағанда төбесінен төнген жұлдызды аспаннан көзін алмады. «Бұлар не, қандай әдемі» деп қызығушылықпен әр нәрсені бір сұрап отырды. Іштей балаға қатты жаным ашыды. Олар интернатта серуенге тек күндізгі уақытта шығатын болғандықтан түннің әдемілігіне сүйсіне алмайды,– деп күрсінді С.Ержанова. Бір айдан к ейін Нұрбек интернатта тұратын бір қыз туралы жиі айта бастайды. Дос қызын қатты сағынғанын сездіріп, оған да ана керек екенін айтып, үйге алып келуін өтінеді. Періште сәбидің көңілін қимай, қызбен кездесуге барады. Өте ұяң, қарапайым қызды бір көргенде ұнатқан Сапура апай оны қамқорлығыма аламын деп шешеді. Алайда қыз бөтен үйге барудан үзілді-кесілді бас тартады. Анасының мейірімді екендігін, жақсы отбасы болатынын айтқан Нұрбек досын бірге жүруге ақыры көндіреді. Әйгерім есімді сол қыз ол уақытта небәрі үш жаста еді. Алғашында оған жаңа ортаға үйрену қиын болды. Үнемі бөлініп, балалардан алшақ отыратын. Нұрбек досының қасынан қалдырмай, ойынға қосып, өзге балалардың арасында дәнекер болып жүруінің арқасында Әйгерім де осы отбасының толыққанды бір мүшесіне айналды. ...Біраз уақыттан кейін тұрғындар Тараз қаласындағы педагогик алық институттың жанындағы аялдамаға тастап к етк ен екі жасар қызд ың жағдайын талқылай бастады. Оның қолында бір бөтелке сүті мен туған күні жазылған қағаз ғана болған. Полицейлер қызды бірден балалар үйіне тапсырады. Себебі тастандыға ерекше күтім керек болды. Қорғансыз баланың басында гематомалар бар, жарал ары іріңд еген. Шаштары ірің мен қаннан құрғап қалған. Жақсы күтім көрсетіліп емделгеннен кейін қыз ақырындап қалпына келді. Балалар үйіндегі тәрбиешілер ол қызға Динара деген есім берді. Динара өзінің алғашқы сөздерін үш жасында ғана айта бастайды. Өйткені, жетімдер үйінде балалар бір-бірімен көп араласпайды. Оларды тамақтандыру, шомылдыру, киіндіру және ұйқыға жатқызу ісі уақытылы атқарылады. Сондықтан олардың тәрбиесі мен мінезінде, білімінде отбасында тәрбиеленген балаларға қарағанда біршама айырмашылық болады. Динара да отбасының жылуын, ананың махаббатын Ержановтардың шаңырағына келгенде сезінді. Кейіпкеріміздің бұл қызы қазір 31 жаста, өзі де үш қыздың анасы атанды. Осылайша жылдар өте келе бұл отбасы көпке үлгі, қызығы ортаймаған, бірлігі мызғымаған үлгілі отбасыға айналды. 1993 жылы Сапура күйеуінен айырылып, 12 баламен жалғыз қалды. Тоқырау жылдары. Ел жаппай саудамен айналысып, ақша табудың бар жолын қарастырып, өлместің қамын жасап жүрген қиын кез. Көпбалалы анаға интернат директорлары келіп, балаларды асырай алмайтындығын алға тартып, интернатқа өткізуге үгіттейді. Сонда Сапура апамыз: «Ж анымды алсаңдар да балаларымды ала алмайсыңдар. Олар менсіз, мен оларсыз өмір сүре алмаймыз. Балаларымның алды жігіт болып қалды. Ештеңе болмас, өз күнімізді өзіміз көреміз. Мен балаларымды аштан өлтірмеспін» дейді батыра сөйлеп. Отанасының ең үлкен ерлігі – қандай қиын кезеңнен өтсе де ешкімге алақан жайып барған емес. Жер үйінде сиыр, тауық ұстайды. Азын-аулақ көкөніс егеді. Өмірінде алғаш мәрте нан алуға талон сұрап атқамінерлердің есігін қаққан. Ол он нанды кезекте тұрып күтіп алады. Соншалықты көп алып жатқанын көріп өзгелер жер-жебіріне жетіп «Спекулянт» деп ұрсады екен. Тіпті ерінбей үйіне дейін аңдып баратындар да болған. Сонда қарны ашып нанды күтіп отырған балаларды көргенде өз істеріне өздері өкініп қайтады. Он нан бір күнге жетеді. Бесеуін азанда, бесеуін кешке. Оны алуға барып келем дегенше де біраз уақыт кетеді. Бірақ балалар қанша қарындары ашса да аналарына шағым айтып, оғаш мінез көрсеткен емес. Олар сол тұрмыста ерте есейді, өмір мектебінен өтті. Сапура ана балаларымды ешкімнен кем қылмай өсіремін деген сөзінде тұрды. Ұл-қыздарының барлығы да жоғары білім алған, республиканың әр түкпірінде қызмет етіп жүр. – Әйел ұлттық салт-дәстүрді сақтауда үлкен рөл атқарады. Ұлттық негіз ұрпақтан-ұрпаққа ана сүтімен дариды. Ана махаббаты мен мейірімі балалардың өмірдегі қиындықтарды еңсеріп, өз елінің лайықты азаматы болуына әсер етеді. Балаларымның барлығы жоғары білім алды, өмірден өз орындарын тапты. Өткен жылы 6 балам мемлекет қолдауының арқасында пәтер кілтіне ие болды, – дейді өзінің жеті баласымен бірге 16 тәрбиеленушіні бауырына басқан көпбалалы ана Сапура Ержанова. Жоғарыда айтқандай қазір Ержановтар шаңырағы 56 немере, 8 шөберенің шат күлкісіне толған. Сапура Ержанова Білім және ғылым министрінің, «Бөбек» қорының Алғыс хаттарымен, «Алтын алқа» алқасымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. «Алтын Жүрек» сыйлығының иегері. Бүгінгі күні тәрбиелеген ұл-қыздары әр салада жемісті еңбек етуде. Ұл-қыздарының біразы кәсіпкерлікке бет бұрған. Немерелері де атасының атын шығарып, жетістіктерге жетіп жүр. Бір немересі Нұрлан Жиенбай – «Жасыл Ел» еңбек жасағы облыстық штабының төрағасы. Жиені Темірлан қарағандылық «Шахтер» футбол клубының ойыншысы. Ата-анасының жолын қуып, ұлы Артур Ержанов өзінің жеті баласынан бөлек қамқорлығына тағы да жеті бала алған. Одан бөлек, 6 баланы патронаттық тәрбиеге алу үшін құжат жинап жүр. Бүгінде ол 14 бала тәрбиелеп, ұл-қыздарын ел қатарлы бағып-қағып отыр. Ынтымақ-бірлігі жарасып, көпке үлгі болған мерейлі Ержановтардың отбасы алдағы уақытта республикалық кезеңде бағын сынайтын болады.
Ақтоты ЖАҢАБАЙ