Петропавлда сайлау күні инватакси мен әлеуметтік таксилер жұмыс істейді
Петропавлда сайлау күні инватакси мен әлеуметтік таксилер жұмыс істейді
Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 20 қарашада қоғамдық көлік әдеттегі кестеге сай жүреді. Бұл күні қалалық автобустармен қатынау тегін болады. Сондай-ақ сайлау күні барлық учаскелерде буфеттер жұмыс істемек. «Облыс орталығында 94 сайлау учаскесі бар. Сайлаушылар тізіміне 161 117 адам енгізілген. Сайлау учаскелері саяси науқанды өткізуге 100% дайын», - деді Петропавл сайлау комиссиясының төрағасы Кеңес Мұқышев. Учаскелерде мүгедектігі бар азаматтарға дауыс беруге бар жағдай жасалған. Ғимараттарда арнайы батырма жұмыс істейді, пандустар қойылған. Сондай-ақ осы күні мүмкіндігі шектеулі жандар инватакси мен әлеуметтік таксидің қызметін пайдалана алады. Осы мақсатқа 2 инватакси мен 6 әлеуметтік такси қарастырылған. Жалпы СҚО бойынша 386 мыңға жуық адамның саулауға қатысып, дауыс беруге құқы бар. 20 қараша күні өңірде 655 сайлау учаскесі жұмыс істемек.