Жаңалықтар

Абай облысында сайлау учаскелерінде сурдоаудармашылар жұмыс істейді

Абай облысында сайлау учаскелерінде сурдоаудармашылар жұмыс істейді

Абай облысында алдағы президент сайлауында 475 учаске жұмыс істейді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, өңір бойынша 475 дауыс беру учаскесі құрылды. Оның ішінде 36-сы жабық сайлау учаскесі. «Сайлаушылардың толық тізімі 30 қазанда сайлау учаскелеріне берілді. Әркім өз сайлау учаскесін әкімдіктің ресми сайтынан біле алады. Сондай-ақ қажетті ақпарат пен кеңес алу үшін «109» нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады», - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Наталия Фесенко. Сайлау күні өз сайлау учаскесінде болмайтын дауыс берушілер, тіркеуден шығару талонын алып басқа сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Тіркеуден шығару талонын 19 қарашада сағат 18:00-ге дейін алуға мүмкіндік бар. «Сондай-ақ денсаулыққа байланысты үйге портативті сайлау жәшігін ұсынуға өтініш беруге болады. Сайлау учаскелерінде сурдоаудармашылар да жұмыс істейді, Брайль кестесі бар трафареттер және нашар көретіндерге арналған үлкейткіш лупалар ұсынылады. Дауыс беру 20 қараша күні таңғы сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді», - дейді Наталия Фесенко.