Спорт

Оқушылардың сабақта 30 минуттан артық гаджет қолдануына рұқсат жоқ

Оқушылардың сабақта 30 минуттан артық гаджет қолдануына рұқсат жоқ

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ашық талқыға шығарған құжатта мектепалды және жоғарғы сынып оқушыларының сабақта гаджетпен жұмыс істеу уақытын белгілеу ұсынылған, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Жаңа өзгерістерге сай, енді оқушыларға сабақта дербес компьютер, планшет және ноутбук қолдануға рұқсат етілетін уақыт: - мектепалды, мектепке дейінгі топтарда (сыныптарда) және 1 сыныптарда - 15 минуттан аспайды; - 2-3 сыныптарда - 20 минуттан аспайды; - 4-5-сыныптарда - 25 минуттан аспайды; - 6-8 сыныптарда - 25 минуттан аспайды; - 9-11(12) сыныптарда - 30 минуттан аспайды.