Спорт

Сұрауы қатты болады - министр 2024 жылғы Олимпиаданың нәтижесі туралы

Сұрауы қатты болады - министр 2024 жылғы Олимпиаданың нәтижесі туралы

Спорт саласындағы басшылар 2024 жылғы Олимпиадаға дайындық мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды  Arainfo.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев олимпиадаға қатысуға мүмкіндік беретін лицензиялар санына емес, медальдардың сапасына назар аудару қажет екенін айтты.

Министр іріктеу процедураларының ашықтығына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

Министр спорт басқармаларының басшыларына олимпиадалық спорт түрлерінің басымдылығын ескере отырып, жоғары спорт шеберлігі мектептерінің жұмыс істеу қағидаттары мен тәсілдерін қайта қарау, федерациялармен бірлесіп спорт резервін дайындаудың бірыңғай стандартын және оқыту бағдарламаларын әзірлеу тапсырылды.