Жамбыл жаңалықтары

Таразда қатты дауыл салдарынан үйлер жарықсыз қалды

Таразда қатты дауыл салдарынан үйлер жарықсыз қалды

Таразда дауыл соғып, айналаны астан-кестен етті. Синоптиктер соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жеткенін айтады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

2022 жылы 14-15 қарашада қала әкімшілігіне Төле би даңғылындағы №116 және Менделев көшесіндегі №13 үй тұрғындары тарапынан өтініштер келіп түскен. Жел аталған үйлердің шатырын жұлып кеткен. Білім беру және денсаулық сақтау нысандары шатырының бүліну фактісі тіркелмеді.