Жаңалықтар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ

Денсаулық сақтау саласының маңызды міндеттерінің бірі – халыққа жедел медициналық жәрдем  көрсету. Бұл ретте облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы – азаматтардың жекелеген санатына және пациенттің өміріне қауіп төнген кезде, я болмаса жазатайым жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған аурухананың құрылымдық бөлімшелерінің бірі. 

Бүгінде облыс тұрғындарына үш қосалқы станса және 11 аудандық жедел медициналық жәрдем бөлімшелері қызмет көрсетеді. Санитариялық авиация қызметін үш мобильді бригада орындайды. Олар – акушерлік-гинекологиялық, неонатологиялық және нейрохирургиялық-травматологиялық. Облыстың «103» шақыру бөлімі барлық облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының базасына енгізілген. Жедел медициналық көмек қажет болған жағдайда қоңырауларды «Көмек» және «103» автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған Call-орталық қабылдайды. Covid-19 пандемиясына байланысты жедел бөлімде екі аға дәрігер жұмыс істейді және коронавирустық инфекция мәселелері бойынша халыққа кеңес беру үшін қосымша телефондар (Covid-19 ахуалдық орталығы – 43-76-78, кеңесшілер – 54-99-56, аға дәрігер – 34-84-36) іске қосылған. Call-орталығы шақыртуларды «ҰЭҮО» базасы арқылы қабылдайды. Ал стансадағы арнайы оқытудан өткен 12 диспетчер қоңырауларға жауап береді. Медициналық қызметкерлердің ішінде 2 диспетчер жұмыс істейді. Олар өз тәжірибелерін өзге де қызметкерлерге үйретуде. Биылғы 6 ай ішінде «Көмек» әдісі арқылы өмірге қауіп төндіретін жағдай бойынша 280 адам хабарласқан (2021 жылы – 170). Оның ішінде: жоғарғы тыныс жолдары аурулары – 16, құрысу синдромы кезіндегі көмек – 93, бейсаналық күйлерде (коматозды күйлер) – 120. Жарақаттар мен жазатайым оқиғалар кезінде – 28, оның ішінде: өзіне қол жұмсау – 4, суға бату – 2, улану – 1, жол-көлік оқиғасы – 14, үйде босану – 5, кеуденің ауырсынуы– 15, инсульт кезінде – 3. «Көмек» қоңырауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесі «шақыруды қабылдайтын жазба» жүйесімен және санитариялық автокөліктің GPS-навигациясымен интеграцияланған. Ол пациенттің мекенжайына дейін қозғалыс маршрутын автоматты түрде таңдауға мүмкіндік береді. Бұл келу уақытын қысқартуға жағдай жасайды. Сондай-ақ «Көмек» автоматтандырылған басқару жүйесі Жамбыл облысының көпсалалы стационарларымен, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығымен және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен біріктірілген. Осы жылы облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы 6 ай ішінде 93 көшпелі бригадаларының орташа тәуліктік санын құрады. 2021 жылға қарағанда 2 бригадаға көп. Оның ішінде 5 мамандандырылған (дәрігерлік) және 88 фельдшерлік пунктер бар. Тараз қаласында – 40, аудандарда 53 бригада жұмыс істейді. 2022 жылы 6 ай ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету мекемелері жанындағы жедел медициналық көмек көшпелі бригадаларының орташа тәуліктік саны 40 болған. Барлық шақыртулар фельдшерлік бригадаларға келіп түскен. Тараз қаласы бойынша – 15, аудандарда 25 бригада жұмыс істейді. Жалпы, соңғы мәлімет бойынша облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы санитарлық автокөліктерінің саны 132-ні құрап отыр. Олар қажетті құрылғылармен 100 пайыз жабдықталған. Десе де санитарлық автокөліктердің тозуы 22,7 пайызды құрап отыр. Есептен шығаруға жататын санитарлық автокөліктердің саны – 30. 2020 жылы облыста 65 санитарлық автокөлік алынды. Ағымдағы жылы 12 санитарлық автокөлік алынады деп күтілуде. 2022 жылғы 7 шілдеде медициналық- санитариялық алғашқы көмек көрсету мекемелеріне қарасты жедел медициналық көмек көрсететін санитарлық автокөліктердің саны 30 болған, ол 80 пайызды құрайды. Былтыр медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілу 99 пайызды құраған. Биыл медициналық жабдықтар алынған жоқ, жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейі былтырғыдай – 99 пайыз. Өткен жылы жедел медициналық жәрдем стансасына жүгінулер саны 257 134-ті құрады (1 мың адамға 227,6), 2022 жылы 264 516-ке жетті (1 мың адамға 228), 7382-ге көбейді. 2021 жылы өткізілген консультациялардың жалпы саны – 4043 (1,57 пайыз), 2022 жылы – 5833 (2,21 пайыз), бұл 1790-ға артық. 2021 жылы жедел медициналық көмек бойынша орындалған шақырулардың жалпы саны – 247237, ал 2022 жылы – 252281, бұл 5044-ке артық. Жедел медициналық көмек шақыруларының жалпы санынан орындалғаны: Тараз қаласы бойынша 2021 жылы – 142175 (57,5 пайыз), ал 2022 жылы – 140206 (55,5 пайыз), бұл 1969-ға (11,5 пайыз) аз. Аудандар бойынша 2021 жылы – 105062 (42,5 пайыз), ал 2022 жылы – 112075 (44,5 пайыз), бұл 7013-ке (2 пайыз) артық (6 аймен салыстырғанда). Биыл ауылдардан түсетін қоңыраулардың саны көбейген. Өткен жылмен салыстырғанда биыл 3-ші санаттағы жедел шақыртулар 7563-ке, 4-ші санаттағы шақырулардың медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету мекемелеріне қарасты жедел медициналық көмек көрсететін бригадалары 11108-ге өскен. Облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы бригадаларының шақыруға жетуінің орташа уақыты 2021 жылы 12,8 минутты, ал биыл 11,2 минутты құрады, 1,6 минутқа өзгерген. 2021 жылмен салыстырғанда шақыруды тапсыру уақыты 2,2-ден 1,5 минутқа дейін, қала бойынша келу уақыты 9,3-тен 8,4 минутқа дейін, ауыл бойынша 12,2 минуттан 10,9 минутқа дейін қысқарған.

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі