«Тоқаев отставкаға кету шешімін қабылдады» - ақпарат фейк
«Тоқаев отставкаға кету шешімін қабылдады» - ақпарат фейк
«Ресми дереккөздерде отставка туралы ақпараттар жоқ. Ақорда сайтында да, Президенттің жеке Twitter-аккаунтында да, оның баспасөз қызметінің аккаунтында да бұл туралы жазылмаған. Шындыққа жанаспайтын оқиғаларға «аты айғайлап тұрған» тақырыптар қою – блогерлер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдары өз жарияланымдарына назар аударту үшін жиі пайдаланатын әдіс... Сонымен қатар отставкаға кету туралы видео жарияланған TikTok желісінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми парақшасы жоқ. Аталған әлеуметтік желіде оның атынан ашылған барлық аккаунттар – жалған», - деп жазады Stopfake.kz. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына сілтемелер Ақорда сайтында көрсетілген.