Тоқаев ел дамуына атсалысқысы келмейтін бай кәсіпкерлер туралы айтты
Тоқаев ел дамуына атсалысқысы келмейтін бай кәсіпкерлер туралы айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір кәсіпкерлердің Қазақстанның дамуына атсалысқысы келмейтінін айтты, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда тұрғындармен кездесуде Тоқаев Қазақстан ынтымақтастық пен өзара жауапкершілік қағидаттарына негізделген мемлекет құрып жатқанын атап өтті.
Бұл ретте Президент басқа елдердегі ауқатты адамдардың тек ішкі мәселелерді шешуге атсалысатынын, сонымен қатар өздерінің іскерлік байланыстарын пайдалана отырып, ұлттық мүддені шетелде ілгерілетуге көмектесетінін атап өтті.