Спорт

ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАРАДЫ

ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАРАДЫ

Жуырда Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында волейболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар қатысып, бақ сынады. 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер бір жетіге жуық тартысты ойын өрнегін көрсетіп, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады. Чемпионатта қарсыластарының барлығын қоғадай жапырған, жанкүйерлердің ыстық ықыласына ие болған тараздық құрама шешуші ойында да білгендерінен жаңылмай, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көріне білді. Осылайша жерлестіріміз Қазақстан Республикасының күзгі чемпионатының жеңімпазы атанды. Республикалық бәсекеде облыс намысын абыроймен қорғап қайтқан жас волейболшыларды жарқын жеңісімен құттықтап, спорттағы жолдарына табыс тілейміз.