Жастар

«Бабалардың аманатына адал болуға шақырамын»

«Бабалардың аманатына адал болуға шақырамын»

ЖАСТАРДЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН ЕЛІМІЗДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР АЗ ЕМЕС. МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ, ЗАМАНАУИ БІЛІМ АЛУ, ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ЖАҚСАРУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ СЕКІЛДІ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ ТҮРЛЕРІ ӨТЕ КӨП. ЖАҚЫНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІН ШЕШУГЕ СЕП БОЛАТЫН БАҒДАРЛАМА ДА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ. АЛ ОСЫНДАЙ МАҚСАТТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР АЙМАҚТАРДА ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР? ОСЫ САУАЛҒА ЖАУАП ІЗДЕП, МЕРКІ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЖАНСҰЛТАН ЖАМАЛБЕКПЕН СҰХБАТТАСҚАН ЕДІК.

– Жансұлтан Ұлықбекұлы, әңгімемізді меркілік жастарды қолдау мақсатында орталық тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардан бастасақ... – Биыл Меркі аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әртүрлі бағытта барлық ауылдық округтерде 519 іс- шара ұйымдастырылып, 7 516 жас қамтылды. Осы орталықтың қолдауымен «MERKI ERIKTILERI» волонтерлер қозғалысы құрылған. Бұл ұйымда аудан көлемінде 100 ерікті жас тіркелген. Волонтерлік қозғалыс бойынша жалпы 119 іс-шара ұйымдастырылып, 750 жас қамтылды. Бағдарлама аясында аудан жастарымен тығыз жұмыс жүргізу үшін «Жас патриот» клубы ашылды. «Жас патриот» жобасында «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі», «Жас жұмысшылар клубы», «Жас пікірсайысшылар клубы» жобалары біріктіріліп, жоспары мен ережелері негізінде ортақ жұмыстары айқындалды. «Жас патриот» жобасының құрамына ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, спорт, денсаулық және білім саласындағы қызметкерлер, ауыл имамдары енгізілді. Ж ұмыссызд ық д еңгейін төмендету мақсатында аудандағы NEET санатындағы жастар есепке алынып, нәтижесінде 2 460 жас анықталып, олар үшін арнайы база әзірленді. Аталған жастарға мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттар беріліп, аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе өткізілетін бос жұмыс орындарының жәрмеңк есіне қатыстырылуда. Жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында жалпы 11 іс-шара өткізіліп, түсіндірме және адрестік жұмыстар жүргізілді. Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен « Қа йыр ымд ыл ық – а д а м жанының нұры» атты акция, «Жас талант-2022» атты байқау, «Ата-ананың қадірін біл?» тақырыбында ерікті жастар арасында бейнеролик байқауы өтті. Бал ал ар жыл ына орай «Жайдарлы жайдарман» атты облыстық жайдарман ойыны жоғары деңгейде өткізіліп, Тараз қаласы, Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Шу, Мойынқұм аудандарынан 11 команда өзара бақ сынады. Жалпы аудандық жастар ресурстық орталығы осы жылдың бірінші жартыжылдығында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. – Өзекті мәселелердің бірі – жастарды жұмыспен қамту. Осы орайда Меркіде қандай жұмыстар атқарылып жатыр? – Жұмыссыздықты азайту мақсатында арнайы бағдарламалармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Әсіресе, жастарды жұмыспен қамтуды көздеген «Жасыл ел» еңбек жасағын баса айтқым келеді. Бүгінде ауданда 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық-мемлекеттік бағдарлама іске асырылып жатыр. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның алдына қойған басты міндеттерінің бірі. Бағдарлама аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған жастар саны 636 болса, оның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына 529 жас жолданды. Жастар прак тик асына – 43, әлеуметтік жұмыс орындарына – 9, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 50 адам жіберіліп, 5 азаматқа шағын несие берілді. Бүгінде жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 311-ді құрап отыр. Сонымен қатар аудандық мәдениет үйінде «Жастарды жұмыспен қамту – маңызды міндет» тақырыбында өткен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін де атап өткім келеді. Жәрмеңкеге жұмыссыз жастарды тарта отырып, жұмыс берушілермен бетпе-бет жүздестірдік. Жәрмеңкеге түрлі саладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің өкілдері қатысып, жұмыс іздеушілерді бос жұмыс орындарымен таныстырды. Бұл еңбек жәрмеңкесіне 80-ге жуық адам қатысып, 53 адам жұмысқа орналасты. Әрине мұндай жұмыстар әлі де жалғасын таба бермек. – Жуырда қабылданған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы туралы естіп, қуандық. Бұл бағдарлама Меркі  ауданында қалай ұйымдастырылуда? –  Жастар – қай қоғамның болмасын қозғаушы күші. Жастарды қолдау, қамқорлық таныту Меркіде де мақсатты түрде атқарылып отыр. Облыста қабылданған 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы осы мақсатты көздеді. Жалпы бағдарламада жастарды қолдау, жұмыспен, баспанамен қамту тетіктері, үздіктерді марапаттау, қажетті құқықтық кеңес ұсыну, ақпараттық қолдау білдіру сынды шаралардың барлығы қамтылған. Осы саясатты іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі – жастарды елжандылыққа тәрбиелеу, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту. Аталған міндеттерді іске асыру мақсатында республика бойынша жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу іс-шаралары да әзірленген. Оның бәрі де жоспарға сай, өз деңгейінде орындалуда. – Сөз соңында жастар  ұйымын басқарушы азамат ретінде замандастарыңызға не айтар едіңіз? – Елдің келешегі жастардың қолында. Сондықтан да барша ел жас азаматтарына үлкен сенім артады. Сол сенімнің үдесінен шығу – біз үшін зор бақыт. Сондықтан да жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялатып, жарқын болашақты, бақытты елді құруға ынталы азаматтардың қалыптасуына барынша күш салу міндетіміз. Байтақ даламыз, ұлттық құндылықтарымыз, халықтық мәдени байлығымыз – кешегі бабалардан қалған асыл мұра әрі бізге жүктелген аманат. Біз бір қолдың саласындай бірігіп, аманатқа берік болу үшін ортақ мүддеге жұмыламыз. Осы ретте замандастарымды, іні-қарындастарымды халқымыздың алдындағы перзенттік парызымызға, бабалардың аманатына адал болуға шақырамын! – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Қамар ҚАРАСАЕВА