Жаңалықтар

Президент сайлауы: Қазақстандықтар әлемнің 53 елінде дауыс бере алады

Президент сайлауы: Қазақстандықтар әлемнің 53 елінде дауыс бере алады

Сыртқы істер министрлігі ҚР Президенті сайлауында еліміздің шет елдердегі мекемелері жанындағы сайлау учаскелерінің қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.«Әлемнің 53 еліндегі 68 сайлау учаскесінде 12 мыңнан астам қазақстандық дауыс береді деп жоспарлап отырмыз. Шетелде дауыс беру процесін уақтылы және толыққанды дайындау үшін Қазақстан азаматтарынан жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын ала хабарласуды және сайлаушылар тізіміне енгізу үшін деректерді ұсынуды сұраймыз»,

- деп атап өтті Айбек Смадияров. Оның мәлімдеуінше, шет елдердегі сайлау учаскелерінде дауыс беру 20 қараша, жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 07:00-20:00 аралығында өтеді. Сонымен қатар, ол биылғы кезектен тыс ҚР Президенті сайлауында Украинадағы сайлау учаскелері жұмыс істемейтінін атап өтті. Айбек Смадияровтың дерегінше, бұл шешім аталған елдегі жағдайға байланысты қабылданған. Сондықтан сайлауға қатысуға ниетті қазақстандықтар Молдова немесе Польшаға барып дауыс бере алады.