Президент сайлауы: Қазақстандықтар электронды құжат арқылы дауыс бере алады
Президент сайлауы: Қазақстандықтар электронды құжат арқылы дауыс бере алады
«Қазір қазақстандықтардың арасында цифрлық құжатты қолдану үлкен сұранысқа ие. Ол құжаттың түпнұсқасының аналогы. Сондықтан азаматтар сайлауда EGOV mobile, Kaspi және Halyk банкінің мобильді қосымшалары арқылы цифрлық куәлікті пайдалана алады. Яғни дауыс беруші жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық нұсқасын ұсынуға құқылы. Сайлау комиссиясының мүшелері сайлаушылар тізімдері негізінде электронды куәлікті ұсынған кезде сайлаушыға дауыс беруге арналған бюллетень беруге міндетті», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында. Айта кетсек, бүгін сағат 18:00-де Президент сайлауына халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды. Сондай-ақ, ОСК бірнеше халықаралық ұйымы атынан тіркелген 2 байқаушыны аккредиттеуді тоқтатты.