Сайлау барысын 641 халықаралық байқаушы қадағалайды – ОСК
Сайлау барысын 641 халықаралық байқаушы қадағалайды – ОСК
«Бүгін сағат 18.00-де біз халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын 20 қарашада өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына аккредиттеуді аяқтадық. Осылайша, президент сайлауына 641 халықаралық байқаушы қатысады. Оның ішінде 10 халықаралық ұйымнан 532 бақылаушы және 35 шет мемлекеттен 109 бақылаушы», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында. Оның айтуынша, халықаралық бақылаушылардың қатысуы сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне ықпал етеді. «Сол арқылы біз халықаралық міндеттемелерге бейілділігіміз бен халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыратындығымызды растай түсеміз», - дейді ол. Бұған дейін Президент сайлауына халықаралық байқаушыларды аккредиттеудің аяқталғаны туралы хабарлаған едік. ОСК төрағасы мәлімдегендей, «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңның нормаларына сәйкес шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың атынан байқаушыларды аккредиттеу сайлаудан бес күн бұрын жергілікті уақыт 18:00-де аяқталады.