Жаңалықтар

Омарәлі Әділбекұлы: Арманға бірге жетейік!

Омарәлі Әділбекұлы: Арманға бірге жетейік!

20 қараша күні өтетін Президенттік сайлау – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жетінші сайлау, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Осы мақсатта Еліміздегі әдебиеттанушы, сыншы, Дүниежүзі қазақ қауымдастығы Алматы бөлімшесінің бастығы Омарәлі Әділбекұлының пікірін білген едік.

Ол әлемдік алпауыттардың ықпал көлемге таласуы, соның салдарынан халықаралық жағдайлардың шиленісуі бұл күнде барлық елді алаңдатып отырғанын айтып өтті.

Сондай-ақ ол тәуелсіздіктен кейін отыз жылда еліміз саясат, экономика, мәдениет тұрғысынан үлкен жаңғыру дәуірін бастан кешті деп айтып өтті.

Оның ойынша  тарихи, саяси, геосаяси  жағдайларға байланысты саяси модернизм мен отарсыздандыру үдерісі баяу жүргізілген.

Оның айтуынша, билік жаңарып, түлеп жатыр. 2016 жылдан бері еліміздің салық, кеден жүйесін жайлаған жегі құрттар аласталуда. Отбасы мүшелерінің билікке ықпал ету мүмкіндігі тоқтатылған.