Сайлау өткізу құр шығын емес - Бахаргүл Төлегенқызы
Сайлау өткізу құр шығын емес - Бахаргүл Төлегенқызы
Президенттік науқанның ең маңызды тұсы – бұл жеті жыл мерзіміндегі бірреттік президеттікті енгізу, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.kz-ке сілтеме жасап.
Сайлауға пікірін білдіріп отырған келесі қонағымыз коллекционер-этнограф, «Әдемі-ай» компаниясының басшысы Бахаргүл Төлегенқызыда осылай ойлайды.
Ол өз сөзінде AMANAT партиясының мүшесі ретінде ел Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының құрамында екенін, үгіт-насихат іс-шараларын жүргізу барысында бірқатар кездесу өткізгендерін, жас буынмен жүздесіп, олардың көзқарасын білгендігін айтып өтті.
Оның ойынша әділетті мемлекет – бұл мемлекет пен қоғам арасындағы серіктестік, әділ соттар, мемлекеттік басқаруға азаматтардың қызығушылық танытуы.