Жаңалықтар

Жүзден астам атыраулық Президент сайлауын тәуелсіз бақылайды

Жүзден астам атыраулық Президент сайлауын тәуелсіз бақылайды

Кезектен тыс өткелі отырған Президент сайлауында атыраулық жүзден астам тәуелсіз бақылаушы саяси науқанның ашық әрі әділ өтуіне ат салысады, деп хабарлайды Атырау облысындағы Arainfo тілшісі BAQ.KZ - ке сілтеме жасап.

Бұл туралы «Атырау-Ақпараттың» баспасөз клубында  мұнайлы аймақтың белсенді, ерікті жастары және қоғам белсенділерімен кездескен «HAQ» қоғамдық қорының атқарушы директоры Тоғжан Қожалы айтты. Аталған қор 20-қараша күні өтетін  кезектен тыс Президент сайлауына тәуелсіз бақылау жүргізетін бірден бір ұйым. Қор белсенділері мұндай жауапты жүкті биыл төртінші рет арқалап тұр. Тоғжан Қожалының айтуынша, мыңнан астам байқаушы еліміздің 8 қаласындағы сайлау учаскесінде саяси доданы бақылайды.

Ал, «Золотое время» ҚҚ атынан жиынға қатысқан Айгүл Уәлиеваның сөзінше, 18 бен 30 жас аралығындағы жүзден астам атыраулық сайлауда тәуелсіз байқаушы болуға ниет білдірген. Олардың 70-тен астамы Атырау қаласының тұрғындары. Тәуелсіз байқаушылар үшін арнайы оқыту семинарлары ұйымдастырылған.