Жаңалықтар

Алматы облысының тұрғындары үшін 606 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Алматы облысының тұрғындары үшін 606 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Алматы облысының тұрғындары үшін 20 қарашада өтетін ҚР президентінің кезектен тыс сайлауында 606 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен өткен көшпелі семинар-кеңесте айтылды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ОСК сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында мәлім болғанындай, Алматы облысында дауыс беру күні 606 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның 21-і қолжетімділігі шектеулі. Облыста барлығы 42 171 мүгедектігі бар адамдар тіркелген. Дауыс беруге арналған 606 сайлау учаскесінің үй-жайлары ғимараттардың бірінші қабаттарында орналасқан. Дауыс беруге арналған үй-жайларға кіре берісте 572 сайлау учаскесінде тұтқалар орнатылды, тактильді көрсеткіштер 390 сайлау учаскесінде бар. Сонымен қатар, 585 сайлау учаскесінде мүгедектігі бар адамдарға арналған бұрыштар ұйымдастырылып, кабиналар жабдықталған. Сондай-ақ, дауыс беру күні облыстың барлық аудандары мен қалаларында сайлаушыларды сайлау учаскелеріне жеткізу үшін инватакси қызметінің 18 автомашинасы тартылатын болады. Семинар-кеңесте Алматы облысы ПД басқармасының бастығы М. Қалиаскаров ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету туралы баяндады. Ол ішкі істер органдары дауыс беру өткізілетін барлық объектілерді пысықтайтынын, тиісті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдағанын жеткізді.