МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ
МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ
Кездесуде үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып, әлеуметтік әріптестік институтын одан әрі дамытуды қамтитын азаматтық қоғам тақырыбына толығырақ тоқталды. Тараптар республикалық және салалық кәсіподақтардың жай-күйі туралы пікір алмасты. Кездесуге қатысушылар зейнетақы аударымдары, жалақы, жұмысқа орналасу мен өңірдің өзге де өзекті мәселелерін талқылады. Бұған дейін кандидат Мейрам Қажыкен Ақтөбе облысында бірқатар кездесу өткізген болатын. Ол алдымен Ақтөбе рельс-арқалық зауытының қызметкерлерімен кездесіп, өзінің сайлауалды тұғырнамасының мақсат-мүддесімен таныстырды. Кездесу қорытындысы бойынша, ол зауыт қызметкерлеріне өзінің сайлауалды тұғырнамасына қызығушылық танытып, қойған сұрақтары үшін алғыс білдірді. Айта кетейік, кәсіпорын металл конструкцияларына арналған ұзын өлшемді рельстермен қатар, басқа да өнімдер шығарады. Өндіріс көлемі – жылына 200 мың тоннадан астам рельс.